ЦЕНТР ОКАЗАНИЯ СПЕЦИАЛЬНЫХ СОЦИАЛЬНЫХ УСЛУГ
СЕЛО КУПЧАНОВКА, БУЛАНДЫНСКИЙ РАЙОН
WWW.KMSU.AKMOL.KZ
020509, АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ, СЕЛО КУПЧАНОВКА
8 (716 46) 31500, 31544
KUPPMSURAMBLER.RU

Социально-трудовые услуги

«Купчановка ауылы, Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы» мемлекеттің қамқорлығындағы қызмет алушыларға арналып тұрмыстық бағытта бейімдеу және рухани-әлеуметтік реабилитация мақсатында 2017 жылдың желтоқсан айында арнайы тұрмыстық бағдар бөлмесі ашылды. Бұл арнайы бөлме тұрмыста қажет болған барлық асханалық жиһаздармен жабдықталып, қызмет алушылардың өздерін үй жағдайында сезінуге толықтай мүмкіндік беретін жағдай жасалған. Мұнда әрбір қызмет алушы топқа біріктіріліп еңбек терапиясы маманының үйретіп бағыттауымен тұрмыстағы ас-үй шеберлегін меңгеруде. Қызмет алушылар күнделікті өз қолдарымен ас әзірлеп, өздерін үй жағдайында жүргендей сезініп, дән-риза екендіктерін әрқашан білдіріп жатады.